12-14 қазанда Астанада Орталық Азиядағы ең ірі KazAgro/KazFarm-2022 агроөнеркәсіптік көрмелері өтеді. Халықаралық деңгейдегі шараға 20-дан астам елден 300-ден аса түрлі компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысады. Оның ішінде Қазақстан, Германия, Түркия, Беларусь, Ресей, Австрия, Испания, Италия, Иран, Израиль, Қытай, Канада, Польша, Швеция және басқа да елдердің өкілдері бар.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл шаруашылығы саласын дамытудың маңыздылығы, сондай-ақ көрменің жоспарланған іс-шаралары туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Ұлттық аграрлық сектордың төрағасы Бағлан Бекбауов айтып берді. «Ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ төрағасы Дархан Балпанов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы департаментінің директоры Азат Сұлтанов, сонымен қатар көрменің ұйымдастырушысы, ExpoGroup директоры Шолпан Қожабаева да халықаралық көрменің елдегі ауыл шаруашылығы саласына қосатын үлесі жайында әңгімеледі.
«Дәстүр бойынша, слет негізгі егін жинау науқанының соңында өтеді, ал биыл біздің фермерлер мақтануға тұрарлық нәтижелерге ие. Мәселен, бүгінгі күні республика бойынша барлығы 15,9 млн га дәнді және бұршақты дақылдар немесе жалпы егін жинау алаңының 99,5 %-ы жиналды (өткен жылы осы мерзімде 15,6 млн га немесе 98,2 %-ы жиналды). Айта кету керек, слет пен өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы көрмесі - қазақстандық агробизнес, үкіметтік емес ұйымдар мен инвесторлар арасындағы тиімді диалог алаңы, бұл АӨК-те бизнесті жүргізу үшін жаңа трендтер мен перспективаларды талқылау», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов.
Көрме аясында өтетін конференцияларда талқыланатын негізгі бағыттардың бірі – отандық аграрлық ғылымды дамыту. Бүгінгі таңда Қазақстанда, әр өңірде дерлік ғылыми өңдеумен, жаңа технологияларды енгізумен, селекциямен айналысатын тәжірибе станциялары мен ғылыми-зерттеу институттары бар. Көрмеге ең ірі отандық ғылыми хабтар қойылады.
Шараға қатысушылардың арасында әртүрлі елдердің ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдары мен сарапшылары бар, олар өздерінің бірегей әзірлемелерімен бөлісе алады, сондай-ақ қазақстандық әріптестердің тәжірибесімен таныса алады.
Брифинг барысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ төрағасы Дархан Балпановтың айтуынша, көрме аясында спикерлері мемлекеттік және жеке салалардағы ғалымдар болып келетін «Аграрлық ғылым және бизнес: тұқым шаруашылығы» атты халықаралық конференция да жоспарланып отыр. «Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамытудың мемлекеттік саясаты», «Тұқым нарығындағы қазіргі жағдай мен тенденциялар», «Қазақстанда селекция, сорт сынау және тұқым сапасына сараптама жүргізу», сондай-ақ «Қазақстандағы ауыл шаруашылығының ғарыштық мониторингі. Қазақстан Республикасы» тақырыптарындағы мәселелер де қарастырылады.
«Конференцияның мақсаты - ҚР тұқым шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі Президенттің тапсырмасын іске асыру шеңберінде аграрлық ғылым мен бизнестің симбиозын жүргізу, проблемаларды қарау және оларды шешу. Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің басты элементтерінің бірі болып табылатын Республиканың тұқым шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына, міндеттеріне және негізгі бағыттарына көзқарастардың жиынтығы болуы маңызды», - деп атап өтті спикер.
Брифинг барысында Шолпан Қожабаева көрменің жалпы аумағы шамамен 20 000 шаршы метрді құрайтынын атап өтті. Бұл ретте көрмені ұйымдастырушы атап өткендей, көрмені қаржыландыру мемлекеттік тапсырыс бойынша емес, тек жеке негізде жүзеге асырылады.
«Қазақстанда кәсіпкерлерге, фермерлерге, мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға, сондай-ақ барлық мүдделі азаматтарға бір жерде және бір уақытта тәжірибе алмасуға, нарықты дамытудың негізгі тенденцияларының аналитикасын зерделеу, ағымдағы және әлеуетті серіктестермен кездесу, қазіргі нарықтық ахуалда қолдануға болатын жаңа технологиялар мен шешімдермен танысуға, жұмыстың негізгі нәтижелерін талқылауға мүмкіндік беретін әмбебап алаң болуы және дамуы керек. Бұл рөлді атқаратын - KazAgro/KazFarm. Осы іс-шараның негізгі мақсаттарының қатарында саланы дамытуға қолдау көрсетуді, агроөнеркәсіптік кешенге заманауи технологияларды енгізуді, өскелең ұрпақ арасында егіншілік мәдениетінің құндылықтарын насихаттауды, аграрлық ғылымды дамытуды қоямыз», — деді Шолпан Қожабаева
Сондай-ақ бағдарламаға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастыратын Қазақстан селекционерлерінің ІІ слеті кіреді. Слетте өсімдік шаруашылығындағы ең жаңа технологиялар көрсетіліп, саладағы маңызды мәселелер бойынша баяндамашылар және еліміздің барлық аймақтарынан үздік және озық егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарды марапаттау қарастырылған.
Экспоненттер мен көрме қонақтары агрономдарға арналған жаңа қосымшаның тұсаукесерін күтуде. Сонымен қатар мал шаруашылығына арналған жаңалықтар; ауыл шаруашылығына қажетті жаңа камаз көліктері мен құрылғылардың таныстырылымы; мамандандырылған шетелдік жабдықтарды көрсету; Қазақстанда ауылшаруашылық техникасының алғашқы ішкі нарығының тұсаукесері, сонымен қатар әртүрлі интерактивті іс-шаралар, конкурстар, семинарлар мен шеберлік сыныптары бар. Мысалы, өсімдік өсірушілерге «Өсімдіктерді қоректендірудің тұрақты шешімдері» және «Ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру» тақырыбындағы семинарлар өте пайдалы болары анық.
Сондай-ақ көрме барысында мал өсірушілер, ветеринарлар және Қазақстанның мал шаруашылығы саласының инвесторлары үшін ақпараттық шара өтеді.
Көрмелер тарихында алғаш рет 2022 жылы асыл тұқымды, таңдаулы қошқарлардың және ешкілердің тұқымдық материалдарына аукцион болады. Көрмеге Еділбай, Гнмпшир, Дорпер, Каракульская, Меринос, Цвартблес тұқымдарының асыл тұқымды қошқарлары, Зааненская сүтті ешкілері қойылады.
Ұйымдастырушылар «Үздік сауыншы» байқауын өткізеді, онда әркім ірі қара малды сауу шеберлігінен жарысады.
Экспозиция қонақтары «EXPO» ХКО көрме алаңының кіреберіс аймағындағы көшеде өтетін асыл тұқымды бұқалар мен қошқарлардың көрмесін көреді деп күтілуде.
Көрме барысында ұсынылатын инновациялық технологиялық шешімдердің қатарында сиырларға қолайлы жағдай жасап, өнімділікті арттыруға арналған Dairy Robot R9500 сауу роботының тұсаукесері де бар.
Сонымен қатар, көрме барысында шетелдік селекциядағы көшеттер мен алма өсіруге арналған бірегей компоненттердің тұсаукесері күтілуде.
Анықтама үшін:
KazAgro - тұқым таңдаудан бастап, дайын өнім мен заманауи технологияларды қамтитын өсімдік шаруашылығы көрмесі. KazFarm, өз кезегінде мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібіне арналған көрме – эмбриондардан бастап дайын өнімдер мен қызметтерге дейін толық қамтылған.
Көрменің жалпы ауданы шамамен 20 000 шаршы метрді құрайды. 2021 жылы іс-шара рекордтық 33 000 қатысушыны тартты. Олардың қатарында қазақстандық фермерлер, көтерме және бөлшек сауда өкілдері, импорттаушылар мен экспорттаушылар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен алыс және жақын шетелдердің басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері, сала мамандары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары бар.