вт, 10/27/2020 - 13:23
Новости

 Ы.Жақаев атындағы Қазақ ҰҒЗИ  мамандары  Сырдария өзенінің су деңгейінің төмен болуына байланысты аймақтағы егіс алқаптарын әртараптандыру мәселелерін зерттеп, қарастырып жатыр. Олар аймақтағы суармалы егістік алқаптарының 40% -ына ылғал сүйгіш күріш егу дұрыс деп есептейді. Яғни қазіргі күрішке арналған 90 мың гектардың орнына 70 - 75 мың гектар қалдыру оңтайлы болады деп санайды.

Қызылорда облысында барлығы 185 гектарға жуық егістік жер суарылады, деп хабарлады ҚазҰҒЗИ бас директоры Бахытжан Дүйсембеков. Институт фермерлерге егістік алқаптарға басқа дақылдарды - жүгері, жоңышқа, тәтті беде, күздік бидай отырғызып, күрішті көп егуден бас тартуды ұсынады. Дұрыс тәсілмен өсірген жағдайда, олар күріштің кірісі тәрізді пайда алатын болады.

Сонымен қатар, тамшылатып суару әдісін енгізу арқылы әртүрлі көкөністерді өсіруге болады. Тәжірибе көрсеткендей, бір гектар қызанақ күрішке қарағанда 10 есе көп пайда әкеледі - 110 мың теңге табыспен салыстырғанда 1,1 млн. болады.

Бақтар мен бақша дақылдары одан да жоғары рентабельділікке ие. Бұл бағыт Қызылорда облысының фермерлерін де қызықтыра бастады.

«Біз облыста қарқынды бау-бақша өсіріліп жатқанын көріп отырмыз», - деп атап өтті Бақытжан Дүйсембеков. - Фермерлерді ынталандырудың бірі субсидия алуға қол жеткізу болды. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау көшеттерді сатып алуға, тамшылатып суаруға көрсетіледі.

Бақтар бұрынғы күріш алқаптарында, тау бөктерінде және жазық жерлерде орналастырылған. Суы жеткілікті және топырағы талапқа сай өңірлер таңдалып алынуда.

«Кеңес Одағы кезінде әр совхозда бақшалар болған», - деп жалғастырды Бақытжан Дүйсембеков. – Қазір осы іс қайта жанданып жатыр. Біздің күріш өсірушілердің әрқайсысы бәсекелестікпен  бақшаларын қалпына келтіруде. Жақсы нәтиже беруде. Мысалы, «Ералы» шаруа қожалығы осы маусымда 5 гектар алқаптан 8 тонна алма алды. Бұл олардың бақша отырғызғаннан бергі екі жылдағы алғашқы алған өнімі.

Облыс фермерлері бау-бақша егу арқылы Қызылорда облысының нарығын өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Айтқандай, мұндағы алмалардың дәмі өте жақсы және импортталған өнімдерден әлдеқайда жақсы.

Сонымен қатар, фермерлер қауын өсіруге де қызығушылық танытуда. Бұл сондай-ақ күріш алқаптарын әртараптандыру бойынша, жақсы табыс әкелетін саланың бірі.

Қауын егудің де қиындықтары мен кедергілері бар, олар- зиянкестер мен қауын шыбыны. Бұл көптеген фермерлерді алаңдатады. Алайда, олар ғалымдармен бірге қауынды қорғауды үйренеді. Өсімдікті қорғауға машықтану арқылы бұл сала өркендейді. Осы маусымда қауынға деген сұраныс көп болып, бағасы жоғары болды. Егіс алқабының басында қарбыздың келісіне 80 теңге болды. Өткен маусымда оның келісі 40 теңгені құраған еді. Сатып алу бағаларының өсуі бір гектар қауыннан 3 миллион теңге алуға мүмкіндік берді.

«Біздің қауындар Түркістан облысының Мақтаарал ауданының өнімдерімен салыстырғанда әлдеқайда дәмді», - дейді Бақытжан Дүйсембеков. - Қауынның тәттілігінің арқасында аймақ танымал болған. Бұл Кеңес заманында апорт алмасымен бірге бренд болған. Біздің өлкеде өсірілген қауынның дәмі тіл үйіреді!

Бау бақша егумен қатар, өнімдерді қайта өңдеу дамып келеді - мұнда жергілікті қауыннан түрлі қауынқақтар шығара басталды.

1

Осы жазда су мәселесі бойынша Dala-fruit.kz сауда маркасының негізін қалаушы шымкенттік кәсіпкер Болатбек Алиев Қызылорда облысындағы фермерлерді күріш алқаптарын әртараптандыруға шақырған болатын.

«Менің тамшылатып суару бақшамның әр гектарына жылына шамамен 6 мың текше метр су кетеді. Ал осындай жердегі күріш алқабын суару үшін 30 - 32 мың текше метрден астам немесе 5 есе көп су қажет. Мысалы егістің алқабын  анықтау үшін бұл көрсеткішті 90 мың гектарға көбейтсек, Қызылорда облысында күріш қанша жерге егілетінін білуге болады, - деп жазды Болатбек Алиев Facebook  парақшасында.

Кәсіпкердің есебі бойынша бір гектарға отырғызылған бақшадан жалпы табыс бір маусымда 6-7 миллион теңгені құрайды. Ал күріштен гектарына максимум 350 мың теңге алынады. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігінде суармалы судың жетіспеушілігі судың азаюы жылдан-жылға байқалуда. Сондай-ақ бұл мәселе одан әрі күшейе түседі.

«Егер біз күріш алқаптарының төрттен бірін суды үнемдейтін дақылдармен және ресурстарды үнемдеуші технологиялармен алмастыратын болсақ, онда үлкен үнем болады», - деп қорытындылады ойын Болатбек Әлиев.

Ақпарат көзі: https://eldala.kz/kz/blogs/2992-bahcha-prinesla-fermeram-po-3-mln-s-gektara