чт, 05/21/2020 - 01:40
Новости

ҚазҰАУ мен Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ҒЗИ бірлесіп «Азық-түлік қауіпсіздігі – жаһандық сын-қатерлер» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізеді

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 2020 жылдың 22 мамыр күні, сағат 17.00-де «Азық-түлік қауіпсіздігі – жаһандық сын-қатерлер» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізеді.

Тікелей      эфирде 14 сарапшы – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің және Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі Ғылыми-зерттеу институты мен шетелдің эксперт ғалымдары фермерлердің, ауылшаруашылық тауарөндірушілердің сұрақтарына жауап береді.

Халықаралық онлайн-конференция жан-жақты диалог, тәжірибе алмасу, азық-түлік қауіпсіздігінің барлық мәселелері бойынша қажетті ақпарат беретін алаң болып табылады.

Елдердің азық-түлік қауіпсіздігі агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты жұмысымен қамтамасыз етіледі. Халықтың денсаулығын сақтау және жақсарту үшін оны нәрлі тамақпен, ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қамтамасыз ету қажет.

Сонымен бірге азық-түлік жүйесінің тұрақтылығын арттыру қажет, бұл өнім шығару көлемімен ғана емес, сонымен қатар оны өңдеу сапасымен де қамтамасыз етіледі. Өндіруге, сақтауға, таратуға, өңдеуге байланысты қызмет – бұл ғалымдар мен өндірушілер айналысатын инновациялық жұмыс бағыттары. Тағы бір маңызды фактор – бұл азық-түлік тауарларын бөлшектеп сату және маркетинг.

Азық-түліктің таза импорттаушысы болып табылатын елдер азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төнетін аймақта болады. Өкінішке орай, Қазақстан басқа елдерден азық-түліктің 30 %-дан 70 %-на дейін импорттайды. Мысалы, 2019 жылы құс етінің импорты 191,6 мың тонна (ішкі тұтынудың 49 %), шұжықтар – шамамен 30 мың тонна (39 %), ірімшіктер мен сүзбе – 21,9 мың тонна (46,5 %), алма – 101 мың тонна (31,5 %), қант шамамен 250 мың тонна (57,3 %), балық – 30,6 мың тонна (72 %) құрады.

Осы тағам өнімдерінің импорт үлесін азайту үшін өнімді қайта өңдеудің терең және қалдықсыз жүйесін құру қажет. Олар бізге жоғары қосымша құнды құруға мүмкіндік береді, бұл АӨК қаржылық тұрақтылығына оң әсер етеді.

Мәселен, бір тонна бидайды терең қайта өңдеген кезде 343 кг крахмал 120 тг/кг бағамен, 85 кг глютен 645 тг/кг бағамен және 354 кг жем 36 тг/кг бағамен өндіріледі. Нәтижесінде бидайдың бір тоннасынан алынған дайын өнімнің құны 108 мың теңгеден асады, ол деген, құны 54 мың теңге болатын шикізаттан екі есе қымбат болатынын көрсетеді.

Осы және басқа да проблемалық мәселелер, олардың шешімдері халықаралық онлайн-конференцияда қаралады. Оған белгілі шетелдік сарапшылар қатысады:

  • Жаһандық бастамаларды үйлестірудің президенті, профессор Хууб Леливелд (Австрия);
  • Түйе өсіру ғылыми орталығының директоры, профессор Бернард Файе (Франция);
  • Путра университетінің Халал институтының директоры, профессор Юсуф Аниза (Малайзия);
  • Мәскеу тағам өндірісі мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Балихин М.Г. (Ресей);
  • Могилев мемлекеттік азық-түлік университетінің ректоры, профессор Киркор М.А. (Беларусь);
  • Одесса ұлттық тағам технологиялары академиясының ректоры, профессор Егоров Б.В. (Украина);
  • Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор Василенко В.Н. (Ресей).

 

Онлайн-конференция көрсетәілімі мына сілтемелер бойынша:

Фейсбук: https://www.facebook.com/profile.php?id=100043580851461

Инстаграмм:

https://instagram.com/kaznau_people?igshid=1vyvf8jt2kt8n

 

Сұрақ қою мына сілтеме бойынша:

https://www.kaznau.kz/page/events/?link=fermerdin_kazuau_mamanda

yna_surak_355&lang=ru

 

Байланыс үшін:

Курдеко Александр Павлович – 8 702 862 97 60

e-mail: alexander.kurdeko@kaznau.kz

 

Оспанов Асан Бекешұлы 8 701 523 00 75

e-mail: a.ospanov@rpf.kz

 

Мамаева Лаура Асылбекқызы8 701 754 72 00

e-mail: laura.mamaeva@mail.ru

 

Оспанов Әбдіманап Әбубәкірұлы – 8 707 223 29 59

e-mail: ospanov_abdymanap@mail.ru

 

Кожахметов Марат Кәрібайұлы – 8 701 990 11 11

e-mail: mkm53@mail.ru

 

 

Серикбаева Әсия Демеуханқызы – 8 777 256 53 75

e-mail: serikbayeva@yandex.ru

 

Темірбек Сәуле Каюмқызы – 8 707 440 62 79

e-mail: Saule_abr@mail.ru

 

Техикалық сұрақтар бойынша:

Букпенов Ильяс Тұрмағамбетұлы  – 8 707 121 89 84

e-mail: bukpenov@mail.ru