пт, 06/24/2022 - 15:32
Новости

Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ (бұдан әрі – ҰАББО) кемінде 100 мың жоғары білікті IT-мамандарын даярлау жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде бірқатар іс-шаралар жүргізілді.

       ҰАББО жетекшілік ететін аграрлық университеттер заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды көздейтін және жаһандық ақпаратпен интеграциялауға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы процестерді цифрландыру, ақпаратты жинау және беруді автоматтандыру бойынша жаңа оқыту жүйесін әзірледі.

        Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешендегі цифрлық технологияларды дамыту үшін, аграрлық жоғары оқу орындары цифрландыру бойынша «Биоинформатика және биотехнология», «Цифрлық агрожүйе», «Агроинформатика» білім беру бағдарламаларын әзірлеп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне тіркелді. Бұл білім беру бағдарламалары шетелдік тәжірибелер ескеріліп, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің IT мамандары мен ғалымдары және ІТ саласындағы жұмыс берушілерді тарта отырып әзірленген.

       Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің  «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру грантын бекіту туралы» 2022 жылғы 11 наурыздағы № 120 қаулысына сәйкес, Ақпараттық технологиялар даярлау бағытына  9 103 мемлекеттік білім гранты тағайындалды, бұл жаңа әзірленген ауыл шаруашылығының  IT білім беру бағдарламалары бойынша да тиісті гранттар бөлінеді деп жоспарлануда.

        Аталған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға талапкерлерді қабылдау ағымдағы оқу жылынан басталады деп жоспарлануда.

Бұғы