пт, 09/06/2024 - 13:05
Новости

ҚР Ұлттық аграрлық ғылым Академиясының академигі, экономика ғылымының докторы, профессор, «Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» Басқарма төрағасы Базархан Рүстембаевтың дүниеден өтуіне байланысты Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының ұжымы атынан туған - туыстары мен отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл - бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш... Базархан Ергешұлы біздер үшін тек әріптес қана емес. Ол - адал, үлгілі азамат, бақытты әке, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азамат еді. Алла оның жанына тыныштық беріп, жәннатта етсін! Агроғылым саласында, оның ішінде Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтында білікті-білімді еңбегімен қызмет еткен, мекеменің дамуына сіңірген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады.

 

Басқарма төрайымы Ахмеджанова А. А.