пн, 05/09/2022 - 11:51
Новости

9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын

 

Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады. Биыл міне, сол Жеңіс күні елімізде 77 рет атап өтілгелі отыр.

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер.

 

Ізгі ниетпен «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Дархан Балпанов. 

 

День Победы — слово дорогое!

День Победы! Как оно звучит!

Обо всех, кто пал мы вспомним стоя

И никто вовеки не забыт.

С Днем Победы! Этот день был мечтой миллионов наших людей, надеждой, которой жили и ради которой умирали. И вот уже много лет мы вновь и вновь празднуем День Победы.

Светлая память героям, благодарность за мирное небо над головой, поклон земной за право на жизнь без ужаса войны, страха и боли. Пусть ни одно поколение не узнает скорби, утрат, вражеского гнета. Пусть подвиги, отвага, мужество вдохновляют людей, а праздник оставляет слезы счастья и трогательную радость в сердцах, объединяя души!

Желаем каждому человеку осознания огромного счастья от мирной жизни, от лицезрения своих родных и любимых, от возможности расти и развиваться в свободной стране. Мы победили, смогли и осилили. Будем же сплоченными, дружными и сильными всегда!

С уважением Председатель  Правления НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр» Дархан Балпанов