Sun, 03/01/2020 - 16:35
Новости

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Инновациялық технологиялар – агроөндірістік кешеннің тұрақты дамуы» атты республикалық семинар өтті. Бұл туралы ҰАҒБО баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz хабарлайды. 

«ҰАҒБО» КеАҚ «Аграрлық ғылымның тәжірибелік ықпалын арттыру және ауыл шаруашылығы саласын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенінің инновациялық дамуына ықпал ету» миссясын негізге ала отырып өз қызметкерлеріне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге еншілес ұйымдар базасы аясында диалог алаңын құру арқылы оқыту семинарларын өткізу бағдарламасын жасады, бұл компания қызметінің басты бағыттарының бірі – АӨК ғылыми және кадрлық әлеуетін арттыру мақсатына толығымен сай келеді. 

Республикалық семинарға ҰАҒБО еншілес ұйымдарының басшылары, бас инженерлер мен агрономдар, жетекші ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, АӨК саласындағы қаржы институттары, агрономия және инженерлік факультеттердің жоғарғы курс студенттері қатысты.

«Инновациялық технологиялар – агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту» республикалық семинар бағдарламасы аясында келесі өзекті тақырыптар бойынша екі күндік курс өткізілді: «Цифрландыру дәуіріндегі ауыл шаруашылығы машиналары паркі», «Syngenta – агробизнестегі әлемдік көшбасшы», «Қазақстандағы тұқымдарды қорғауға арналған өнімдер ассортименті. Тұқым өсіру шаруашылықтарына арналған жобалар — тұқымдарды өңдеуге арналған жабдықтарға қаржыландыру», «Қазақстан Республикасында дәнді дақылдардың өнімін басқарудың инновациялық тәсілдері: Альто Супер/Амистар технология», «Минералды тыңайтқыштар – жоғары өнімнің кепілі», «Сабақты қосымша қоректендірудің рөлі және олардың артықшылықтары», «Селекциялық-тұқым шаруашылығы техникасы. Егуден жинауға дейін», «Тұқымдық материалды дайындау және сақтауға арналған техниканың даму тенденциясы».

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков ҰАҒБО еншілес ұйымдарының бас мамандарының әлемдегі ірі ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің өкілдерімен кездесуі, дәріс барысында лектормен диалогқа түсе отырып, әлемдік ғылымның, агротехниканың қозғалыс бағытын анықтауға көмектесетінін атап өтті.

ҰАҒБО Басқарма Төрағасы ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру орталығының жұмысы туралы да айтып берді: «Ғылым Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығына өз нәтижелерін ұсынады. Орталық фермерлермен лицензиялық шарттар жасасады және олардан зияткерлік меншікті пайдаланғаны үшін роялти алады, ол келесідей бөлінетін болады: ғалымдарға роялти көлемінің 30% төленеді; ҒЗИ 30% аударылады; жаңа зерттеулер қорына 40% бөлінеді. Осы схема бойынша жалпы көлемі 108 млн. теңгеге алғашқы 32 шарт жасалды. Оның 32 млн. теңгеден астамы сорттардың авторларына тікелей төленді. Роялтидің әлеуетті көлемі жылына 10 млрд. теңгеге жуық, оның 3 млрд. теңгесі ғалымдарға төленер еді, ал 7 млрд. теңгесі жаңа ғылыми әзірлемелерге бағытталар еді. Биыл роялти көлемін 700 млн. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда».

Республикалық семинар барысында ҰАҒБО мен «Ростсельмаш сервис орталығы», Қазақстандағы және Орта Азиядағы Wintersteiger AG және Amazonen-Werke компаниясы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.  

Республикалық семинардың барлық қатысушыларына курстан өткенін растайтын сертификаттар берілді.

Ақпарат көзі: https://newsroom.kz/8268-elordada-aok-okilderi-ushin-respublikalyq-seminar-otti