Fri, 01/31/2020 - 16:54
Новости

2020 жылдың 30-31 қаңтарында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мамандары үшін «2020 жылы Мемлекеттік сатып алу» тақырыбында корпоративтік семинар өтті. ҰАҒБО бастамасымен өткен семинар «Барлық сатып алулар» оқу орталығында ұйымдастырылды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген орталықтың 30 маманы өз біліктілігін арттырды. Ал сарапшы Наталья Құдайбергенова өз кезегінде осы жылдың басынан күшіне енген барлық жаңалықтарды тілге тиек етіп, кеңестерімен бөлісті. Семинар соңында барлық қатысушылар дәріс алғаны жөнінде сертификаттарға ие болды.