Fri, 01/10/2020 - 11:56
Новости

Өткен жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвесторлар 429 млрд теңгеден астам қаржы салды.
 

2019 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығына инвестиция ретінде 429 млрд 49 млн 481 мың теңге тартылды. Бұл 2018 жылдың 11 айындағы деректермен салыстырғанда өсім 37,3% құрады.
 

Айта кету керек, қомақты қаржының 77%-нан астамы, яғни 328 млрд. 222 млн. теңге немесе 868 млн. АҚШ доллар инвесторлар мен бизнесмендердің өз қаражаты. Ал, қалған 100 млрд теңгеге жуық қаржы бұл банктер мен несие берушілердің қаражаты.
 

Инвесторлар еліміз бойынша ең көп  қаржыны,  93 млрд 495,8 млн теңге инвестиция Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласына (республика бойынша барлық инвестиция соманың 21,8%) салған.
 

СҚО-на бөлінген қаражаттан екі есе аз сома Ақмола, Қостанай, Павлодар және Түркістан өңірлеріне (44,2-49,7 млрд теңге) тартылған.
 

Айта кету керек, Павлодар облысы 2019 жылы агросекторға 2018 жылға қарағанда үш есе көп инвестиция тартты.
 

Жалпы, 2019 жыл ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, сондай-ақ шетелдік серіктестермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас жасау тұрғысынан өте табысты болды.
 

Мәселен, өткен жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ГФР-на ресми сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Германияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
 

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары аясында америкалық агробизнестің көшбасшылары Tyson Foods және Valmont Industries Қазақстандағы етті қайта өңдеу және суару жүйелерін өндіру жөніндегі кәсіпорындарды ашуға бағытталған маңызды келісімге қол қойылды.
 

Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Аргентина, Грузия, Германия, Иран, ҚХР, Эстония мемлекеттерінің тиісті министрліктері мен құрылымдарының басшыларымен АӨК саласындағы даму және ынтымақтастық мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге, меморандумдарға және келісімдерге қол қойды, Ауғанстан, Бангладеш, Мысыр, Индонезия, Түркия, Сауд Арабия Үкімет мүшелерімен, SALIC және United Green ірі инвестициялық компаниялардың басшыларымен келіссөздер жүргізілді.
 

Сонымен қатар, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрімен ынтымақтастықты жандандыру бойынша Жол картасына қол қойылды, Lactalis және Danone француз компанияларымен стратегиялық серіктестік және Қазақстанның «Шаруаларға арналған мектеп» құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Ақпарат көзі: https://moa.gov.kz/post/666?_pjax=%23list_content