ср, 09/01/2021 - 20:49
Новости

ЖОЛДАУ БАРШАҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРДІ

 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауын бәріміз зор ынтамен тыңдадық.

Жолдауда ең алдымен, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына лайықты баға берілді. Тәуелсіздік – біздің халқымыздың ең қастерлі құндылығы!

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саралы саясатының арқасында егемен еліміз бүгінде  жаөандық өркениетке қосылды, үлкен абырой-беделге ие болдық. Әлемдік дамудың жаңаша белесіне көтерілді.

Осы орайда, Алматымыз – Тәуелсіздіктің алтын бесігі атанғанын біз, алматылықтар ерекше мақтан тұтамыз!

Жолдау аясында Президент ауыл шаруашылығы – Ұлттық экономиканың негізі болып табылатындығын қадап айтып, еліміздегі бәсекеге қабілетті экспортқа бейімделген агроөнімдердің көлемін арттыруды тапсырды. Еңбек өнімділігін 2,5 есеге, ал экспортты 2 есеге көбейту міндеті қойылды. Ауыл шаруашылығы – халқымыздың өзегін жалғап отырған өте кешенді сала. Сондықтан, осы саладағы қордаланып жатқан мәселелерді шешудің өзекті сұрақтарына ерекше тоқталып өтті:
-  Жер шетел азаматтарына сатылмайтын болды.
- Жайлымдық жерлерді тиімді қолдану ұсынылды (ұсақ және үй шаруашылықтарына малдарын бағу үшін жайлымдық жерлер бөлу). Осы мәселе бойынша заң жобасын әзірлеу қажеттігін Парламент пен Үкіметке тапсырылды.
- Ветеринария саласының қызметін қайта қарау қажеттігі айтылды. Бұл саланың агроөнімді экспортқа шығарудағы рөлі өте жоғары. Сол себепті, бұл сала да заман талабына сай реформаны талап етеді.
- Ауыл шаруашылығын субсидиялауда қаржыны қадағалау күшейтілсін деді. Қазақстанда жыл сайын 2 триллионнан астам субсидия бөлінеді. Соның  350 млрд. теңгесі ауылшаруашылығына бөлінеді. Бірақ, экономиканың кейбір салаларында, әсіресе өңдеу өнеркәсібінде бұл субсидия тиімсіз жұмсалынып отыр.
- Азық-түлік тауарларына баға қалыптастыру мен оны бөлудің   тиімді жолдарын қарастыру керектігі айтылды (әсіресе, ұсақ және үй шаруашылықтары өнімдерін өткізу мүмкіндігі шектеулі екені рас). Сондықтан, көтерме сауда-бөлу орталықтарын құру қажет.
- Өнімді өндіруден тұтынушыға дейінгі тізбекті бірегей бақылауды қамтамасыз ету әкімдер мен тиісті министрліктерге тапсырылды.
Мемелекеттің қуаттылығының бір көрінісі – жаңа жағдайға бейімделген білім мен ғылымның дамуы. Жолдауда осы саланы заманауи талаптарға сай, өркендету туралы нақты тапсырмалар берілгені қуантады.

Бұл дегеніміз – озық білім мен тәрбие беру арқылы, шәкірттердің кәсіби шеберліктерін шыңдау арқылы білікті мамандар даярлауға ашылған зор мүмкіндік деген сөз!

Жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алушылардың 85 пайызы әлеуметтік тұрғыдан толық қамтамасыз етілмеген отбасыларынан.

Жетекші ғалдымдардың еңбек ақылары тұрақты және жоғары болуы керек дегені – уақыт талабынан туындап отыр.

Ғылыми зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру Ережесін әзірлеу қажеттілі айтылды. Ғылыми жобаларды қаржыландыру мерзімі – 5 жылға дейін созылатыны біз үшін тиімді екені даусыз.
Сондай-ақ, Ұлттық Ғылыми Кеңес жанынан Аппеляциялық Кеңес құру қажеттілігі айтылды.   

Қазақстан Республикасының Президенті көтерген осы мәселелердің барлығы еліміздің экономикасы мен әл-ауқатын жоғарлатуға, өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытуға, білім мен ғылымды өркендетуге жаңаша, тың серпін берері сөзсіз.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Қазақстанның аграрлық саласында кадрлар даярлаудың көшбасшысы саналады. Біздің профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлер және студенттер Жолдауда айтылған әрбір тапсырманы бірауыздан қолдайды, әрі оларды бұлжытпай жүзеге асыруға дайынбыз.