пт, 10/16/2020 - 16:32
Новости

Нан күні құтты болсын!

2019 жылғы қыркүйекте Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілді, соған сәйкес 16 қазан - Нан күні болып белгіленді.

Нан – халықтың ең маңызды және сүйікті тағамы. Барлық халықтарда нан ерекше құрметке ие және дастарханның мәні мен сәні. Ал, Қазақстан үшін Нан экспорттың негізгі бөлігі.

Нан күні астық және ұн өнімдерінің құрметін арттырып, қазақстандық диқандардың, ұн тартушылар мен наубайханалардың еңбегін елеу үшін арнайы белгіленді.