пн, 12/19/2022 - 13:38
Новости

1.      Оқытушылар құрамының жалақысы 25% - ға ұлғайды, ал 2023 жылдың басынан бастап ол орта есеппен 20% - ға өседі. AБП және қызмет көрсету персоналының жалақысы 22 желтоқсаннан бастап 15-50% - ға өседі.

Бұл ретте рейтингтік жүйе енгізіледі (қосымша ақы қызметкердің еңбек үлесіне қосқан жетістігіне байланысты төленеді).

2.      Аудиториялық қорға тексеріс жүргізілді. Университетке бұрын жеке ұйымға берілген 1577 шаршы метр оқу аудиториялары (№3, №5 оқу ғимараттарында) қайтарылды. Оқу класстарын қажетті жиһазбен және жабдықтармен жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Университеттің білім беру базасын тиімді пайдалану оқытушылар мен студенттерге жаңа жылдан бастап 5 күндік жұмыс күніне ауысуға мүмкіндік береді.

3.      Университет жатақханаларынан 131 бөгде адамдар, оның ішінде ақы төлемінсіз тұрып келгендер шығарылды. Бос орындарға баспанаға мұқтаж студенттер қоныстанды.

4.      Басқару аппараты мен қызмет көрсету персоналы айтарлықтай қысқартылды (оңтайландырылды).

5.      Университеттің барлық ғимараттарын жалға алушылармен жалдау шарттары қайта қаралды: жалдау құны нарықтық бағаларға сәйкес 2-3 есеге ұлғайтылды, барлық жалға алушыларға коммуналдық қызметтерге төлем есебі ұсынылды (бұрын олар коммуналдық қызметтерге ақы төлемеген).

6.      ҚазҰАЗУ-дың 2023 жылға арналған Даму бағдарламасы мен Мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралды. Барлық тиімсіз шығындар, басқа да ұйымдарды ұстау қаражаты қысқартылды. Бюджеттің негізгі бөлігі ҚазҰАЗУ материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның ішінде 2 студенттік жатақхананы күрделі жөндеуге, ғимараттардың шатырын жаңартуға, жатақханаларды ағымдағы жөндеуге, оқу ғимараттарында жылыту жүйесін нығайтуға, студенттік жатақханаларға тоңазытқыштар сатып алуға, оқу аудиторияларында жиһаз дайындау және жөндеу үшін ағаш ұстасы цехын ұйымдастыруға және т.б. тиімді шараларға бағытталды

7.      Университеттің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және білім алушылардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарын қолдау мақсатында ҚазҰАЗУ эндаумент-қоры құрылуда.

Осылайша, әділетті және бәсекеге қабілетті ЖОО қалыптастыру үшін қажетті алғашқы негіздер қаланды.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.