вт, 07/02/2024 - 16:10
Новости

2024 жылы 2 маусым күні Мақтаарал ауданы, Атакент ауылында вегетациялық маусымдык суғару, мақта дақылының түрлі зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары және мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбы аясында аудандық семинар өтті. Шараға «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірбие станциясының» басшысы Дәуренбек Нұрман, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров, Казсушар РКМ Мақтаарал аудандық бөлімше басшысының м. а. Құттыбай Сарбасов, сондай-ақ ауыл округ әкімдері, аумақтық инспекция басшысы, биофабрикалардың басшылары қатысты. Жиын барысында «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірбие станциясының» басшысы Дәуренбек Нұрман зиянкестермен күресудің тиімді жолдары туралы айтты. Сонымен қатар, кездесуде қатысушылар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жөнінде пікірлерімен бөлісті.

НАНОЦ