Сс, 11/12/2019 - 20:04
Жаңалықтар

Заңнамалық өзгерістерге сәйкес мамандар ауылдық жерлерде орналасқан аграрлық мекемелерде кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның қандай меншік нысаны екені есепке алынбайды. Бұл туралы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков хабарлады. Оның айтуынша, аталған өзгерістер енді ауылшаруашылық маманы атанған ауыл жастарына квотамен жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ бұл осы мақсаттағы өндірістік кешендерді кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Басапасөз мәслихатында қазақ тіліндегі ауылшаруашылық оқулықтарын әзірлеу мәселесі көтерілді.