Жм, 09/07/2018 - 14:28
Жаңалықтар


А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы базасында «Нақты егіншіліктегі инновациялық технологиялар» конференциясы өткізілді. Конференция барысында Премьер-министрдің орынбасары – Ауылшаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеев, Премьер-министрдің орынбасары А.К. Жұмағалиев, Парламент депутаттары,облыстық әкімдер орынбасарлары,салалық одақтар және бизнес өкілдері қатысты. АӨК-ны бүгін цифрландыру,ол агроөнеркәсіптің ертеңгі қарқынды дамуының кепілі, Елбасының жыл сайынғы Жолдауында міндеттелген АӨК-нің еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауылшаруашылығы өнімдерін кем дегенде 2.5 есеге арттырудың драйвері.
А. Жұмағалиев өзінің алғысөзінде жаңа технологияларды қолдану және цифрландырудың оң нәтижелерге алып келерін атап өтті. Өнімнің шығарылуы артып,тиімділігі арта түседі. Бүгінде пилоттық режимде смарт фермалар,электрондық карталар және нақты егіншілік жұмыс жасауда. Алда шығынның 25-30% қысқарып,өнімділік 30-50% артады деген болжам бар. Цифрландыру аясында А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығының тәжірибелік алқаптарында нақты егіншіліктегі алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар іске қосылуда. Министрлікпен АӨК дамуындағы барлық бағыттары бойынша құзіретті орталықтарды құру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Университеттер, ҒЗИ және де тәжірибелі шаруашылықтар базасында осы технологияларды тиімді оқыту және тираждау ұйымдастырылатын болады.

Нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндіріс тиімділігін елеулі арттыруға мүмкіндік береді. Осындай элементтерге алқаптардың электрондық картасы,нақты метеодеректер,сенсорлар мен датчиктер,ғарыштық мониторинг және т.б. шешімдер жатады. Мұндай технологияларды іске қосу сараланған енгізулердің есебінен тыңайтқыштарды және қорғау құралдарын тиімді пайдалануға,ауылшаруашылығы дақылдарын орташа есеппен 15%-ға жоғарылатуға мүмкіндік береді. Іс-шара барысында цифрландыру АӨК-ні мемлекеттік реттеудің 4 бағытының дамуындағы басты құрал екені айтылды. Олар:АӨК субъектілерін қаражаттандырудың қол жетімділігі,мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігі,су және биоресурстарды тиімді басқару.

Премьер-министрдің орынбасары Ө.Е. Шөкеев нақты егіншіліктің бір бөлігі болып табылатын алқаптардың электрондық картасын құру аясында 23 млн га жер немесе жалпы егіс алқабының 95,9% есептеу жүргізілгенін атап өтті.
Электрондық астық қолхаттарының жүйесіне мыналар енгізілді: астық балансының онлайн мониторингі,астық бағасы бойынша статистика,астық қабылдау пункттерінің рейтингі. Астық қолхаттарының қолдан жасалғандығы алынып тасталды және фермерлердің шығыны жылына 700 млн теңгеге дейін төмендеді. 2018 жылы операциялардың қауіпсіз өтуі мақсатында «блокчейн» технологиясы енгізілді.
Бүгінгі күні ҚР АШМ көрсетілетін 101 мемлекеттік қызметтің ішіндегі 61 қызмет ішінара және 1 қызмет толық автоматтандырылған.2018 жылдың аяғына дейін 16 мемлекеттік қызметті,ал 2022 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметті автоматтандыру жоспарланып отыр.АӨК-ны цифрландыру бәсекеге қабілеттілік пен еңбек өнімділігін арттырып,азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп және де осы салаға инвестицияны тарта түседі. Жалпы экономикалық әсері 2025 жылға дейін 40 млрд теңгені құрайды.