Дс, 01/06/2025 - 18:58
Жаңалықтар

ҰАҒББО органикалық өнім өндіруге бағытталған

технопарк құруды жоспарлап отыр

 

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ Басқарма төрайымы Айгүл Ахмеджанова және С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ ректоры Қанат Треуов Назарбаев Университетінің NURIS технопаркінің жұмысымен танысты. Көпфункционалды кешен инновациялар үшін қолайлы жағдай жасап, жоғары технологиялық стартаптар мен компаниялардың дамуын қолдаумен айналысады. 

Жұмыс сапары барысында Айгүл Ахмеджанова аталмыш бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының базасында осындай технопарк құру жоспарланғанын хабарлады. Жаңа жоба өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында органикалық өнім өндіруге бағытталмақ. Жобаны іске асыруға ҰАҒББО-ның алдыңғы қатарлы еншілес ұйымдары қатысады. 

Сонымен қатар, ҰАҒББО-ның жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау жүйесіне өзгерістер енгізілмек. Студенттер өндірістік процестер мен ғылыми жобаларға көбірек қатысатын болады. Мысалы, болашақ мал шаруашылығы саласының мамандары "Асыл түлік" ЖШС-де жүргізілетін зерттеулерге тікелей қатысады. Тиісінше, өсімдік шаруашылығы факультеттерінің студенттері А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында тәжірибеден өтеді.

Қазіргі таңда технопарк жобасы және білім беру