Ср, 07/15/2020 - 16:35
Жаңалықтар

Түркістан облысының мақта өсірумен айналысатын шаруа қожалықтардың

н а з а р ы н а !

Топырақтың жылжымалы фосформен қамтамасыз етілуі (Р2О5) - оның тиімді құнарлылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі.

Мырзашөл өңіріндегі егіншілік топырағында фосфордың құрамы өте төмен жағдайда, яғни дақылдардың тамыр жаятын топырақ қабытында 10-15мг/кг шамасында ғана. Негізі бұл көрсеткіш орташа саздалған сұр топырақ жағайында 30-40 мг/кг болу қажет.

Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ-ның ғылыми-негізделген тәжірибе жұмыстарының нәтижесі бойынша топырақты қарқынды агромелиорациялық әдістермен жақсарту шаралары негізінде гектарына физикалық салмақта 350-400 кг жай суперфосфат минералды тыңайтқышын міндетті түрде қолдану қажет. Ол әсерлі зат есебінде Р70-80 мөлшері.

Фосфор қолданған топырақта топырақтың көлемдік салмағын, яғни тығыздығын төмендетіп, топырақты жұмсартады. Жұмсақ топырақта дақылдардың тамыр жүйесі терең бойлап немесе көлденең өсіп дамуы қарқындайды. Қазіргі таңда топырақтың тығыздық дәрежесі 1,38-1,40 г/см3 көрсеткішке дейін жетіп отыр, яғни орнықты дәрежеден 10-12%-ға нашарлаған.

Өсімдік фосфорды бастапқы өсу кезеңінде аса қажет етеді, өнім беретін органдарын ерте шығарады, түйін салу және гүлдеу кезеңіне қарқындатады. Мақта шанақтарын, түйіндерін сабаққа бекем болуын қалыптастырып, олардың түсіп қалмауына, көсектердің мол салуына, ірі болып, толық пісіп-жетілуін қамтамасыз етіп, зиянкестерге төзімді болуына және шит пен талшық сапа көрсетікштеріне қарқынды әсер етеді.

Фосфор тыңайтқышы, қалий сияқты өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, нәтижесінде өсімдік қоректік заттарды толық пайдаланып, жалпы өнімнің артуына ықпал жасайды.