Бс, 12/05/2024 - 16:50
Жаңалықтар

Қазақстан болашақта аграрлық салада жетістікке жетекізетін жолда

 

4-ші халықаралық «Тұқым-2025» Тұқым күні»  конференциясында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрайымы Айгүл Ахмеджанова агроғылым саласын дамытудың қазіргі тенденциялары мен перспективалары туралы өз ойымен бөлісті.

Конферецнияның ашылуында айтылған құттықтау сөзінде бұл шараның ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Президент берген тапсырмалар аясында өткізіліп жатқанын мәлімдеп, отандық селекция мен тұқым шаруашылығын күшейту мәселесіне айрықша тоқталды.

Басқарма төрайымы ғылым мен инновация ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен өзгермелі климаттық жағдайларға төзімділігін арттыруда шешуші рөл атқаратынын айтып, үдерістің негізгі факторлары ретінде халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды.

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы аграрлық ғылымның жаңа жетістіктерін белсенді түрде енгізуде және жаңа бірлескен жобалар мен шешімдердің негізіне айналған сындарлы диалог үшін платформа ұсынады", - деп атап өтті ол.

Климаттың өзгеруі, экономикалық тұрақсыздық және жаһандық сын-қатерлер жағдайында отандық селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту Қазақстанның қазіргі агроөнеркәсіптік кешені үшін стратегиялық маңызды болып отыр. Бұл орайда басқарма төрайымы конференцияға қатысушыларды қазіргі проблемаларды шешу және аграрлық ғылымның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін күш біріктіруге шақырып, елімізге және әлем жұртшылығына пайда әкелетін нәтижелі пікір алмасуға және жаңа ғылыми жаңалықтар шығатынына үміт білдірді.