Thu, 10/25/2018 - 18:41
Новости

2018 жылдың 24 қазаны «Агрофорум-2018» аясында «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КеАҚ аграрлық ғылымды дамыту сұрақтары бойынша сессия өткізді. Сессия тақырыбы: «Қазақстан Республикасында аграрлық ғылымның бизнеспен интеграциясы»

Шарада спикерлер болып «ҰАҒБО» КеАҚ-ның Басқарма Төрағасы Ұлан Тәжібаев, Ұлттық биотехнология орталығының директоры Ерлан Раманқұлов, Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының директоры Абай Сағитов және т.б. сөз сөйлейді.

Кездесу барысында кез-келген қатысушы спикерлерге сұрақ қойып, өз ойын білдіре алды. Олар аграрлық ғылым мен бизнес құрылымдардың арасында диалог құрудың мәселелері, күнделікті өмірде аграрлық ғылымның жаңа жетістіктерін қолдану, агротехнологияны дамыту және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

 «Біз жүйені толықтай зерттеп, біздің ғылымға бизнеспен байлланыс жетіспейтіндігін және кері байланыстың тиімді құралдарының тапшылығын анықтадық. Қазақстандағы аграрлық ғылымның негізгі бағыты - қолданбалы сипаттағы зерттеулерді беру және оның өзектілігін арттыру», - деп атап өтті өз сөзінде Ұ. Тәжібаев.

Сессиядағы негізгі мәселе агробизнестің бүгінгі күні АӨК-дегі инновацияларды қаншалықты қабылдауға дайын екендігі, технологияларды трансферттеу мен инновациялар қазақстандық бизнеске қандай пайда әкелетіндігі болды.

А. Сағитов атап өткендей, АӨК-дегі инновациялар өзінің нәтижелілігін дәлелдеп келеді. Бүгінгі таңда «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Заречное» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС және «Қаскелең тәжірибе шаруашылығы» ЖШС базасында нақты егін шаруашылығының 3 тәжірибелік-технологиялық платформасы құрылды. Өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін нақты егін шаруашылығы технологиялары мен диверсификация бойынша шаралар қабылдануда. Қаскелең Агропаркінің алқаптарынан қабылданған технологиялар келесі өнімдерді алуға мүмкіндік берді: жүгері дәні 12 т/га, сүр шөп – 60 т/га, бидай 5 т/га және соя 7,0 т/га, арпа 51 ц/га астам, бұл дәстүрлі технологиямен салыстырғанда 2,2 есе көп, ал өндірістің кірістілігі 40% кем емес. Ақмола, Алматы және Қостанай облыстарында түрлі шаруашылықтардың нақты технологияларын енгізу үшін экономикалық модельдерді әзірлеу үдерісі жүріп жатыр.

Қатысушылар агроөнеркәсіптік кешеннің өнімділігін 2,5 есеге арттыру инновацияларды енгізусіз мүмкін еместігін сеніммен айтты..

Талқылау барысындағы тағы бір маңызды мәселе тиімсіз субсидиялардың қысқартылуы, сондай-ақ шаруа және фермерлік шаруашылықтар үшін тәуекелдерді азайту және салық жеңілдіктерін алу мәселелері болды.

Қазақстандық ғалымдардың айтуынша, елдегі аграрлық ғылым өзара әрекеттесуге және бизнес тапсырмасы бойынша зерттеулер жүргізуге дайын. Мәселен, 2018 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі бизнестің тапсырысымен техникалық тапсырмаларды әзірлеу тәжірибесін енгізді. Бизнестің ғылыммен ынтымақтастығын дамыту мен зерттеулерге кірісуі үшін ҚР заңнамасына бизнестің ғылыми зерттеулерін бірлесіп қаржыландыру және шығындарды субсидиялау бойынша өзгерістер енгізіліп жатыр.

Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысымен өткізілетін 2018 – 2020 жылдарға жоспарланған зерттеулер, нақты өңірлер мен шаруа және фермерлік қожалықтарда өткізілетін болады. Дақылдардың шетелдік сорттары тестіленіп, бейімделетін 60-тан астам модельдік фермалар құрылатын болады.