Wed, 07/24/2024 - 12:08
Новости

Шығыс Қазақстан облысында 200-ге жуық ауыл шаруашылығы өкілдерінің басын қосқан «Дала күні» мерекесі Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірбие станциясында өтті.  Шараға шетелдік сарапшылар мен жергілікті фермерлер қатысты. Сондай-ақ. Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының өкілдері де келді. Шара барысында ұйымдастырушылар ауыл шаруашылығы техникаларының озық үлгілерін көрсетіп, тиімді пайдалану жолдарымен бөлісті.

 

"Дала күнінің" негізгі мақсаты аграрлық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау болды. Іс-шара аясында қатысушылар бизнес-құрылымдармен өзара іс-қимыл, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологиялар мен әзірлемелерді енгізу туралы пікір алмасып, атысушылар егістік дақылдарының жаңа сорттарын, сондай-ақ егіннің сапасы мен көлемін жақсарта алатын заманауи агротехнологияларды пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.

НАНОЦ

Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірбиелік станциясы ЖШС басқарма төрағасы Кенжеғазы Тоқтасынов отандық сорттарды дәріптеудің және елімізде аграрлық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол: "Біздің басты мақсатымыз – отандық ғалымдар әзірлеген бірегей сорттарды қолдау және ілгерілету, сондай-ақ аграном жұмысын жеңілдету үшін озық технологияларды енгізу", - деп атап өтті.

Шара барысында жаңа сорттарды, соның ішінде күнбағыс пен бидайдың жергілікті сорттарын назарға ұсынылды. Қонақтарға 2017 жылы отандық ғалымдар шығарған «Алтай 1» күздік жұмсақ бидайдың бірегей сорты ұсынылды. Гектарына 70 центнерге дейін өнімділікпен №1128 селекциялық жетістікке патент алған бұл сорт 2021 жылдан бастап мемлекеттік сұрыптау сынағынан өтуде. Шаруа қожалық иелері аталған бидай түріне ерекше қызығушылық танытып, алдағы уақытта серіктестік орнатуға мүдделі.

 

Дала күні Шығыс Қазақстан облысында аграрлық ғылым мен практиканы жетілдіру жолында жасалған сәтті қадам дейді қатысушылар. Шаруалар үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болып, заманауи технологиялар мен өсімдік сорттарының жаңа түрлері ашылды.