Tue, 03/12/2024 - 16:11
Новости

Белгілі ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалиев Ғани Әлімұлы сексен алты жасына қараған шағында өмірден өтті. 


Ғани Әлімұлы Қазақстанда және шет елдерде белгілі ғалым, экономика саласының үздік маманы және мемлекет қайраткері ретінде танылған. 


Көп жылдар бойы «Ауыл» саяси партиясын басқарған Ғани Әлімұлының елдің дамуына сіңірген еңбегі жайлы ауыз толтырып айтуға болады. 


Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары агро теория және саясат мәселелеріне арналған. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Қазақ қой шаруашылық технология ғылыми-зерттеу институтында малдың жаңа тұқымдарын, типтері мен линияларын алудың әдістері жетілдіріліп, шаруашылықтарда сұрыптау және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарын жақсарту мәселелері терең зерттелді. 

Ел ағасының басшылығымен Қазақ АӨК экономика және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ ұжымымен "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Заң жобасы дайындалды, оны 2015 жылғы 29 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісі бекітті. Бұл оның еліміздің дамуына қосқан үлесінің бір ғана бөлігі.  


Ғани Әлімұлының елі мен жері үшін атқарған бастамалары, мінберде көтерген әр мәселесі қазақстандықтардың жадында мәңгі қалатынына кәміл сенеміз.

 
Марқұмның туған-туыстарына, жора-жолдастарына және әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз.