Сіздерді кәсіби мереке – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Грек философы айтқандай," Ауыл шаруашылығы жүрегі таза, жан дүниесі рухани бай адамға арналған. Ол өмір сүру құралдарын іздеуге болатын барлық кәсіптер мен өнердің ең жақсысы". Бұл жерді өңдейтін және бізді адал аспен қамтамасыз ететін кез келген шаруа үшін бақытты күн!
Аграрлық сала ғалымдары адамзаттың бүгіні мен ертеңі үшін қызмет ететін жандар. Олардың ғылыми-зерттеу жетістіктері табанды еңбек пен маңдай тердің арқасында ғана келеді. Ұлт саулығы Сіздердің тәжірибелік танаптарыңыз бен егіс алқаптарыңызда өсіріп шығарған дақыл сұрыптарының сапасына тікелей байланысты.
Биылғы жылды қорытындылар болсақ ауыз толтырып айтар жетістігіміз аз емес. Орақ науқанын шығынсыз уақытында аяқтадық. Қарабалық және Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциялары рекордтық өнім алды. Кейбір еншілес компаниялар орташа астық берекелігін гектарынан 20 центнерге дейін жеткізді. Алдағы жылы диқандарымызды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мүмкіндігіміз зор. Жиналған өнімінің жалпы мөлшері 114 549 тонна.
Десе де мойнымызға алған жауапкершілік жүгіміз аз емес. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауқымды жұмыстарды атқаруымыз қажет. Бүгінгі таңда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Тұқым шаруашылығы туралы арнайы заң жобасы әзірленуде. Бұл заң жобасы қабылданса селекционер ғалымдардың зияткерлік еңбегі қорғалып, базалық және мақсатты қаржыландыру тетіктері анықталады.
Алдымызда үлкен саяси науқан тұр. Бесенділік танытып, өз таңдаумызды жасау азаматтық парызымыз деп санаймын.
Бар өмірін туған жерге арнап жүрген Сіздерге табысты еңбек және төккен тердің жемісін көруге тілектеспін. Қажырлықпен атқарған жұмыстарыңыз жақсы нәтиже беріп, табиғаттың дүлей күші айналып өтіп, еккен дәндеріңіз көл-көсір өніммен қуантсын! Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!
Құрметпен «ҰАҒББО» КеАҚ Басқарма төрағасы Дархан Балпанов