Fri, 11/27/2020 - 15:09
Новости

Қазақ Тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты (Ұлттық ғылыми-білім беру орталығының еншілес кәсіпорны) бұршақ тұқымдас дақылдар негізінде жасалған микроэлементтермен байытылған ұн өндіру технологиясын жасауды аяқтады. Бұл туралы ҰҒББО-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Математикалық әдісті қолдана отырып, ғалымдар бұршақ тұқымдас дақылдардан алынған құрама ұнның 36 рецептурасын жасап шығарды, сонымен қатар сынақтан өткізу үшін пісірілген нанның тәжірибелік үлгілері жасалды.

«Талдау нәтижесінде белоктың, майдың және минералдардың көп мөлшері қосылғаны анықталды. Бұл сапа бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу технологиясын қолданып ұн жасауға ғылыми-практикалық негіз бар екендігі айқындайды», - деп атап өтті ҰҒББО.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, ұн зауыттары үкімет ұсынған  ақуыз, тағамдық талшық, дәрумендер мен микроэлементтерді қосып ұн жасау ұсынысына қызығушылық танытып отыр.

Бүгінгі таңда халықтың тамақтануындағы тепе-теңдіктің болмауына байланысты азық-түлікке дәрумендер салу күн өткен сайын кеңінен таралып келеді. Барлық ұн өнімдерінің негізі - бидай, бірақ бидай ұны құрамында адам ағзасы үшін маңызды ақуыз, витаминдер, минералдар жеткіліксіз. Сондықтан адам ағзасына табиғи және қауіпсіз компоненттермен байытылған ұн өндіру технологиясын жасауға бағытталған жұмыстарды жүргізу маңызды іс болып табылады.

Ақпарат көзі: https://eldala.kz/kz/novosti/muka/3428-novuyu-tekhnologiyu-obogashcheniya-muki-razrabotali-v-kazahstane