Mon, 04/20/2020 - 14:25
Новости

«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті профессорлық-оқытушылар құрамының интернеттің түрлі желілері арқылы студенттермен сабақ өту үдерістері

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зияткерлік әлеуетін, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет. Бұл мәселелер факультет деканаты мен кафедралары арасындағы онлайн мәжілісте талқыланды.
 
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент – сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап, әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы оқулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады. 

Осы мақсатта факультет қызметкерлері бар мүмкіндіктерді пайдаланып, қашықтықтан оқыту басталғалы бері, студенттерге қажетті оқу материалдарын жеткізіп келеді.
 

 
Қашықтықтан білім беру мүмкіндігін ұсынатын оқу орындарының барлығы бір бірінен белгілі қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың ерекшеліктері білім беру мазмұны мен деңгейі, білім алушылардың саны мен құрамы, техникалық және қаржылай мүмкіндігіне көп байланысты. Қашықтықтан білім беру жүйесі дамытылған елдер де мемлекет деңгейінде қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Дүниежүзіндегі дамушы елдердің барлық жоғарғы оқу орындары қашықтықтан білім беру технологиясымен жұмыс жасауда. Мысалы, алпауыт елдердің бірі Америка құрама штаттарында 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарының 58% қашықтықтан оқыту технологиясына тәжірбие жасап, бұл технологияның тиімді екенін алға тартқан. Қазірде бұл елде мыңдаған оқу орындары осы технология бойынша жұмыс жасауда.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

Факультет қызметкерлері қашықтықтан оқыту барысында, интернет желісінің артық жүктелуіне қарамастан, сабақ жүргізудегі түрлі платформаларды қолдана отырып, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындауға тырысуда.
 

Орындаушылар «ІТ-технологиялар,автоматтандыру
және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау»
факультеті деканы
 Абдильдин Н.К.
Тәрбие ісі жөніндегі  деканның орынбасары Даулетова Ж.
 

 IT - технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті

Ақпарат көзі: https://www.kaznau.kz/page/news/?link=ittekhnologiialar_avtomattandyru_zhane_agroonerkasiptik_keshenin_mekhanizatciialau_fakulteti_professorlykokytushylar_kuramynyn__internettin_turli__zhelileri_arkyly_studenttermen_sabak_otu_uderisteri_2020&lang=kz