ср, 03/10/2021 - 16:55
Новости

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – ҚР АШМ) «Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі» ғылымды дамыту басым бағыты және конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге конкурс өткізу туралы жариялайды.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу бойынша түсіндірме жүргізетін жауапты тұлға – Асқар Өскенбаев, телефон 8 (7172) 55-59-73, ұялы телефон 8 (701) 524-29-88; электрондық адрес: uskenbaev.a@minagri.gov.kz. Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-18:30, түскі үзіліс 13:00-14:30.

Конкурстық өтінімдер бағдарламаның ғылыми басшысы және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәләндырылған электронды түрде «ҰМҒТО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы https://is.ncste.kz сілтеме бойынша беріледі.

Өтінімдерді өткізудің соңғы мерзімі – 2021 жылғы 31 наурыз (қоса есептегенде).