пт, 05/06/2022 - 11:13
Новости

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КеАҚ директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасы қызметіне Балпанов Дархан Серікұлы тағайындалды.

Дархан Серікұлы Қарағанды өңірінің тумасы. Ол А.Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «химия пәнінің оқытушысы» мамандығын меңгерген.

Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде «Құқықтану» мамандығының «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» бағытында білім алған.

В.М. Коков атындағы Кабардин-Балқар мемлекеттік университетінде «Ветеринариялық-санитарлық сараптама» мамандығын игерген. Химия ғылымдарының кандидаты.

 

Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы бастаған.

 1997–2002 жж. - ҚР Білім және ғылым министрлігі Фитохимия институтының 2-ші санатты лаборанты, инженері, ғылыми қызметкері және аспиранты.

 1997–2006 жж.   - ҚР Білім және ғылым министрлігі Фитохимия институтының бас ғылыми хатшысы.

 2006–2007 жж. - Ұлттық биотехнология орталығы ғылым департаментінің директоры.

 2007–2010 жж. - Биомедпрепарат-Инжиниринг орталығының президенті.

 2010–2018 жж.  - Степногорск қаласындағы «Ұлттық биотехнология орталығы» филиалының директоры.

2018 жылы  OrganicFood директоры.

2021 жылы  Ақмола облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы.

 2017–2021  жж. - Степногорск қаласы мәслихатының депутаты.

 2021–2022  жж. - А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды ​​ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының басқарма төрағасы қызметін атқарып келді.

 

Д. Балпанов Ресей Ғылым академиясы жанындағы Ғылыми серіктестік қорының күміс медалімен марапатталған. ҚР жас көрнекті ғалымдарына берілген Мемлекеттік сыйлықтың стипендиаты.

Жас ғалымның 40-тан астам инновациялық патенті бар. Биотехнология, химия, ауылшаруашылық биотехнологиясы саласындағы, вакциналық препараттарды, биологиялық инсектицидтік препараттарды, өңдеу және тамақ өнеркәсібіне арналған микробтық препараттарды жасау саласындағы маман.

 

 

Ал Ұлттық агралық ғылыми-білім беру орталығы жайында не білеміз. Бұл еліміздегі осы саладағы жалғыз комерциялық емес ақционерлік қоғам. Оның құрамына түрлі формадағы 35 еншілік ұйым кіреді.

3 аграрлық жоғары оқу орны:

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ.

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ.

«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ.


11 ғылыми-зерттеу орталығы:

Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты.

А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы және т.б.


16 тәжірибе станциялары мен шаруашылықтары:

Солтүстік Қазақтан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы.

Қарабау» Элиталы тұқым шаруашылығы.

А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы.

Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы және т.б.

Сонымен қатар 1 агропарк пен 4 сервистік компания кіреді. Жоғарыда аталған ұйымдардың мақсаты бір, ол еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жәрдемдесу.