Дс, 05/17/2021 - 22:07
Жаңалықтар

     «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ ұжымы «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал азықтық және майлы дақылдар бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының   академигі – Ғалиолла Төлендіұлы Мейірманды 75 жас мерейтойымен құттықтайды.     

     Ғалиолла Төлендіұлы 1969 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтында тұқым шаруашылығы бөлімінде еңбек жолын бастап, қазіргі күнге дейін ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Ол ауыл шаруашылығының өнімділігі мен тұрақтылығын арттыруға, еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін шешуге бағытталған бірнеше жобалардың жетекшісі болып табылады. Оның жетекшілігімен 4 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 5 PhD докторы, 10 ғылым магистры диссертация қорғады.

  Ғалиолла Төлендіұлы 212 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде «Жоңышқа» монографиясы бар. Жем-шөп, майлы дақылдар мен күріштің 15 жаңа сортын шығарды, оның 7-і Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген.

    Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында, көптеген сынақтарды басынан кешірген, Қазақстан халқының әлем деңгейінде терезесі тең, үстемділігі мықты ел болуына, ауыл шаруашылығының ғылыми дамуына зор үлес қосып, бірге дамыған тұлғалардың бірі де бірігейі Ғалиолла Төлендіұлын жаңа жасымен құттықтай отырып, деніне саулық, амандық, бақытқа, табысқа толы ұзақ ғұмыр тілейміз.

      Ғалиолла Төлендіұлының өмір жолы өскелең ұрпаққа өнеге екеніне сеніміміз мол.

 

Ізгі тілекпен,

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім

беру орталығы» КеАҚ ұжымы