Дс, 05/31/2021 - 16:39
Жаңалықтар

Жыл сайынғы мамандандырылған

«Jańa Dala/GreenDay 2021» демонстрациясы

Агроөнеркәсіптік кешеннің озық технологияларын көрсетудегі ерекше оқиға болмақ

 

 26 мамыр 2021 жылы «Еңбек» ЖШС (Ақмола облысы, Ақкөл ауданы) демонстрациялық алқаптарында 14-16 шілде аралығында жоспарланған Қазақстандық егіс күні «Zhana Dala/Green Day 2021» мамандандырылған демонстрациясы үшін егіс науқаны аяқталды.

 Қазақстандық егіс күні «Zhana Dala/Green Day 2021» мамандандырылған демонстрациясы аграрлық сектордағы озық жетістіктерді көрсету, тәжірибе алмасу отандық және шетелдік фермерлер арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту үшін тиімді алаңы.

Осы іс-шараны өткізу Ақмола облысы, Ақкөл ауданында жоспарланған, себебі бұл аудан Қазақстанның аграрлық саласының өсімдік және мал шаруашылығында, органикалық өндірістердің локомотиві болып табылады.  Мұнда жаңа технологиялар қолданылады, өндіріс көлемінің өсуі байқалады сондай-ақ өнім сапасының жоғары деңгейі байқалады. Өнімдер тек Қазақстанда ғана емес, Еуроодақ (ЕО) елдеріне де жеткізіледі.

«Zhana Dala/Green Day 2021» шеңберінде семинарлар, дөңгелек үстелдер мен шеберлік сыныптарын көрсету жоспарланған. 30-дан астам компания ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын көрсетуге дайындығын білдіреді, оның ішінде ерекше демонстрациялық көрсетілімдер  «Сognitiv Рilot» агрегаттық астық жинайтын комбайн.

 Жеке блокпен көрсетілетін «Qaqaz Organic Food», «Қазахстан-Украина. Технология. Тәжірибе алмасу. Сатылымдар», «Ауыл шаруашылығын цифрландыру» атты халықаралық конференциялар өткізу жоспарлануда.

 «Zhana Dala/Green Day 2021» Қазақстандық егіс күнінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның еншілес компаниялары павильондарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қазақстан фермерлері «И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің, Ақтөбе және Қарабалық тәжірибе станцияларының үздік отандық дақылдар сорттары бар жер участкелерін көре алады.

Іс-шараның ұйымдастырушысы "EXPOTIME" компаниясы. Толығырақ ақпарат: +77015885497; expotime.kz@gmail.com және https://expotime.kz сайтынан көруге болады.