Сн, 03/14/2020 - 20:58
Жаңалықтар

«ЖОРҒА» малазықтық бағытындағы көктемгі сұлы сорты Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ғалымдары шығарды.
Сорт авторлары: Сариев Б. С., Жүндібаев К. К. және Әбдірахманова Г.Н.

«Жорға» сорты K - 13374-3 сорт үлгілерінің жиынтығынан жеке іріктеу әдісімен құрылған. 
Түрі – Obtusata, көктемдік.
Вегетациялық кезеңі 99-105 күн.
1000 дәннің салмағы – 33-34 г.
Астықтағы шикі протеиннің мөлшері – 12,8 %
Көктем мезгіліндегі аязға, жапырылуға төзімді.
«Жорға» сұлы сортының орташа өнімділігі – 66,1ц/га.
Аталмыш сорт 2011 жылдан бастап Алматы және Түркістан облыстары бойынша Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілді.