Сн, 03/21/2020 - 12:25
Жаңалықтар

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын!
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен береке әкелсін.
Ақ мол, жыл ырысты болсын!

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Басқарма Төрағасы

Төлеутай Рақымбеков