Бс, 05/28/2020 - 13:24
Жаңалықтар

2020 жылғы 28 мамырда үш тарап – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ және "Агромашхолдинг KZ" АҚ, "ҚарАгроМаш" ЖШС арасында тұтынушылардың ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарымен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру саласындағы ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы Келісімге қол қойылды.

Ынтымақтастықтың мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және өзге де түпкі тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру, техникамен қамтамасыз ету.

ф

Тараптар "LOVOL" сауда маркасының тракторларын, оларға тіркеме және аспалы жабдықтарды сату саласында бірлесіп әрекет етуге, сондай-ақ ғылыми-ақпараттық сипаттағы ұсынымдарды, Агроөнеркәсіптік кешенде білімді тарату және беру жөніндегі консультациялық қызметтерді ұсынуға келісті.

Келісім аясында техниканың қажетті санын ұсынуға, техникаға кепілдік және сервистік қызмет көрсетуге "Агромашхолдинг KZ" АҚ, "ҚарАгроМаш" ЖШС жауапты болады.

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ ғылыми-ақпараттық сипаттағы іс-шараларға (консультациялық қызметтер, ғылыми-практикалық семинарлар) жауап беретін тарап болып табылады.

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ еншілес ұйымдарының тізбесі анықталды (14 бір.), онда жалпы саны 103 бір. ауыл шаруашылығы техникасы мен оларға агрегаттар сатып алынады.

ә

"Бұл келісім қазақстандық өндірістің шағын габаритті техникасын (АгроМашХолдинг) жеткізуді ұйымдастыру арқылы шағын шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтардың техникалық қарулану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Т. Рақымбеков.

Келісім тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 31 мамырға дейін қолданылады.

і

Анықтамалық:

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ – бұл ғылыми-білім беру орталығы, Қазақстанның аграрлық саласындағы ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекетпен және бизнеспен тұрақты өзара іс-қимылының бірыңғай операторы, оның миссиясы аграрлық ғылымның практикалық тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығы өндірісін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін инновациялық дамытуға жәрдемдесу.

 

"АгромашХолдинг KZ" АҚ - Қазақстандағы "ESSIL" маркалы астық жинайтын комбайндарды, LOVOL тракторын, кең ассортименттегі қосымша өнімдерді өндіретін жалғыз өнеркәсіптік кәсіпорын, ҚР аумағында "Гомсельмаш" ААҚ өнімдерінің эксклюзивті дистрибьюторы. Компания ҚР-да баламасы жоқ және еліміздің барлық астық егетін өңірлерінде 8 филиал мен 11 өкілдікті қамтитын ірі сервистік-өткізу желісіне ие. Кәсіпорынның сервистік-өткізу желісі ауыл шаруашылығы техникасын жүзеге асыру, сондай-ақ сервистік қызмет көрсету саласында үлкен жұмыс өтілі бар 150 жоғары білікті қызметкерлерден тұрады.

 

"ҚарАғроМаш" ЖШС түрлі технологиялық жұмыстарды орындау үшін қажетті тракторларға арналған аспалы коммуналдық және ауыл шаруашылық жабдықтарын өндіруге маманданған.