Бс, 07/16/2020 - 12:32
Жаңалықтар

Құрметті оқырмандар!

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының бастамасымен шаруаларға, жалпы АӨК саласына қызығушылығы бар жандарға арналған КҮЗГІ ЖИЫН-ТЕРІМДЕР жайлы онлайн кеңестер топтамасы басталғанын хабарлаймыз.

Осы уақытқа дейін көктемгі дала жұмыстары жөнінде ақпарат беру үшін ғалымдарымызды және өзара тәжірибе алмасу мақсатында белгілі шаруа қожалықтарының басшыларын тікелей эфирлерге тартып, сауалдарымызға жауап алған едік.

? Ендігі эфирлер күзгі жиын-терім жұмыстарына арналмақ.

?Жаңа кезеңнің бірінші эфирі ҰАҒБО Басқарма төрағасы Төлеутай Сатайұлы Рақымбековтің қатысуымен өтеді.

⏱ҚАШАН? ҚАЙДА?

Орталықтың 17 шілде күні сағат 19:00-де Instagram және Facebook парақшаларында кездесеміз. @naseckz

https://www.instagram.com/p/CCtEKOcHtcS/?igshid=15r1clcjsz2pw