Ср, 10/30/2019 - 12:26
Жаңалықтар

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин мен Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рютте арасында екі жақты инвестициялық және сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту перспективалары жөнінде келіссөздер жүргізілді.

кездесу

Гаага қаласында өткен Қазақстан-Голландия Бизнес-форумы шеңберінде Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Вагенинген Университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

қол қою

Келіссөздер аясында өткен бизнес-форумға қатысқан ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА Вице-президенті, академик Тілектес Есполов осы Меморандум аясында төмендегідей келісімдерге қол жеткізілгенін айтты:

-«Өсімдіктер туралы ғылым» және «Тағам технологиясы»бағыттары бойынша жаңа формациядағы кадрларды бірлесіп дайындау;

-Инновациялық оқу бағдарламаларын әзірлеу;

-Оқытушылар мен ғалымдардың біліктілігін арттыру;

-ҚазҰАУ бітіруші түлектеріне Вагенинген университеті магистратурасында білімдерін жалғастыруға мүмкіндік беру;

- Вагенинген университетінің қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде білім алушылар мен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілер үшін жаппай ашық онлайн-курстар тәжірибесін енгізу;

-Вагенинген Университеті ғалымдарымен бірге қазақстандық агрокешеннің мүмкіндіктері мен мәселелеріне инвентаризация жүргізу;

-Вагенинген Метрополитен Фуд Кластер консорциумының тәжірибесі бойынша «Агроуниверситет» оқу-тәжірибе шаруашылығы базасында агротехнопарк құру мәселесі қарастырылуда.

Нидерланды Корольдігі Қазақстанның экономикасына инвестиция салу бойынша көшбасшы ел болып табылады. Бүгінге дейін Нидерландыдан Қазақстанға 80 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды.

Екі елдің арасындағы тауар айналымы 7 млрд. АҚШ. долларын құрайды. Қазір Қазақстан нарығында бағбандықпен, құс шаруашылығымен және сүт өндірісімен айналысатын 30-ға жуық голландиялық компания жұмыс жасайды.

қол қою

«Біз ынтымақтастығымыздың барлық маңыздылығын, жауапкершілігін түсінеміз және алға қойылған жоспарларды тиімді іске асыруды өз міндетімізге аламыз.» – деді ректор.

                                                                                                                                                                                                                                                                                ҚазҰАУ Баспасөз қызметі