Сн, 05/16/2020 - 00:45
Жаңалықтар

2020 жылдың 15 мамырында Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Агроөнеркәсіп кешенінде ауыл шаруашылық техниникасын және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерін пайдаланудағы проблемалары» тақырыбында кезекті онлайн-конференция өткізді.

Онлайн-конференцияны Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірінші проректоры, ҚР ҰҒА академигі Тиреуов Қанат Маратұлы ашты.

Онлайн конференцияның модераторы техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Агроинженерия, IT-технологиялар және автоматтандыру ҒЗИ директоры Сыдықов Шухрат Құрбанұлы болды.

Онлайн-конференцияға техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ҒЗИ бас директоры Сейітқазы Асылсейітұлы Кешуов қатысты. Ол өз сөзінде Ауыл шаруашылығын механикаландыру мен энергиямен қамтамасыз етудің проблемалары мен перспективаларын атап өтті, сондай-ақ ҚазҰАУ-дың ұйымдастырушылары мен ғалымдарына аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ақпараттандыру және есептеу технологиялары институты зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.Құдықұлов ҚР ҰҒА академигі, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Т. И. Есоловтың ауыл кәсіпкерлеріне жасаған үндеуіне оң баға берді.

Сонымен қатар онлайн конференция барысында ҚазҰАУ Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығының қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.

Онлайн-конференцияға университеттің 35 сарапшысы Алматы қаласы және Алматы облысының әр аймақтарынан қатысты.

Механика және ауылшаруашылық техникасын құрастыру кафедрасының профессоры Х.Илямов «Завод АГРОТЕХ» ЖШС машина жасау кәсіпорнының бас директоры, жылуэнергетикалық машина жасау қауымдастығының президенті А.Деграфтың жаңа техника мен технологияны зерттеу жағдайы, сондай-ақ техниканы жөндеу туралы бейне-сұрағына жауап берді.

3

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының жас кәсіпкері Ә.Мұқаның ауыл шаруашылығы техникасын тиімді пайдаланудың ғылыми негіздегі әдістемелері туралы видео сұрағына IT-технологиясы және автоматтандыру кафедрасының профессоры Қ.Ахметов жауап берді.

Машина пайдалану кафедрасының профессоры П.Жүнісбеков Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы «Өтей шаруа қожалығының» бас маманы Қ.Ниязбаевтың нөлдік технологияны пайдалану туралы видео сұрағына  жауап берді.

Жамбыл облысы Талас ауданының тұрғыны Р.Бөлегенов мал қорадағы микроклимат туралы сұрақ көтерді, оған Агроинженерия, IT-технология және автоматтандыру ҒЗИ директоры, профессор Сыдықов Шухрат Құрбанұлы жауап берді.

Энергия үнемдеу және автоматика кафедрасының профессоры М.Исаханов «Сарыбұлақ» шаруа қожалығының басшысы Д.Арықбаевтың малды ұрықтандырудың жетілдірілген технологиялары туралы видео сұрағына жауап берді.

3

Семей қаласындағы «Мақай» ЖШС директоры М.Құдаймендиновтың күнбағыс өндірісінде қолданылатын жаңа технологиялар туралы видео сұрағына Машина пайдалану кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.Сейтимов жауап берді.

Энергия үнемдеу және автоматика кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Тоқмолдаев Қостанай облысының «Береке» шаруа қожалаығының жетекшісі А.Тезекбаевтың мал шаруашылығы қалдықтарын өңдеу технологиялары туралы видеосұрағына жауап берді.

Машина пайдалану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жетпейсов  Ақтөбе облысы  «Шындәулет» шаруа қожалығының бас маманы Қ.Абдрахмановтың видео сұрағы жауап берді.

5

Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас агро-индустриалды колледжінің директоры Б.Өксікбаев пен Талғар қаласындағы «Талғар агробизнес және менеджмент» колледжінің бөлім меңгерушісі Е.Қошқаров қашықтықтан оқытудың интерактивтік құралдарын пайдалану қызықтырды, Машина пайдалану кафедрасының аға оқытушысы Ниязбаев Әділхан өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Энергия үнемдеу және автоматика кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Сапақов Батыс Қазақстан облысының «Темірбек» шаруа қожалығының басшысы Д.Тұрсынбайдың гидропонда жасыл өнімді өсіру тәсілдері туралы видеосұрағына жауап берді.

Алматы облысы «Мамед» шаруа қожалығының зоотехнигі Т.Ефендиеваның ірі қара малды баптауға арналған инновациялық технологиялар және мал өнімділігін арттыру жолдары туралы видео сұрағына Аграрлық техника және технология кафедрасының профессоры Х.Гасанов жауап берді.

5

Аграрлық техника және технология кафедрасының меңгерушісі, профессор С.Бекбосынов Алматы облысы «Алатау-Агро» шаруа қожалығының механигі Е.Қабдештің жылыжайда механикаландырудың шағын құралдарын пайдалану туралы видеосұрағына жауап берді.

Механика және ауыл шаруашылық техникасын құрастыру кафедрасының профессоры М.Тойлыбаев Түркістан облысы «Рустем»  шаруа қожалығының жетекшісі Б.Бисебаевтың көпжылдық шөпті жинау технологиялары туралы видео сұрағына жауап берді.

Тікелей эфирге Джон-Дир компаниясының Қазақстандағы дистрибьюторы «Eurasia group»  компаниясының  өкілі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және агроинженер мамандарын дайындау бойынша тығыз жұмыс жасау туралы ұсыныс білдірді.

«Агроөнеркәсіп кешенінде ауыл шаруашылық техниникасын және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерін пайдаланудағы проблемалары» онлайн-конференциясы ауыл шаруашылығын механикаландыру мен энергиямен қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу, диалог өткізу үшін жақсы алаң болды.

Біз онлайн-конференцияға белсенді қатысқаны үшін және қызығушылық танытқаны үшін ауыл кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ризашылығымызды білдіреміз.

7