Сс, 10/09/2018 - 13:36
Жаңалықтар

Биылғы жылы «Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның еншілес ұйымдарының ішінде солтүстік аймақ бойынша астық және майлы дақылдарды жинауды аяқтады.

Осылайша, астық жинау 9 мың гектардан астам дәнді және майлы дақылдар алқабында жүргізілді, дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 19,0 ц / га болды.

Қазіргі уақытта қазу жұмыстары, кептіру және тұқым материалын әрі қарай сақтауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

 «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС (құрылған жылы 1929 ж.) «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру» КеАҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.

Негізгі қызмет түрі - Қазақстанның негізгі астық өңірлері үшін астық дақылдарының (бидай, арпа) және көпжылдық шөптердің экологиялық тұрғыдан икемді, бәсекеге қабілетті және тиімділігі жоғары сорттарын құру, Қазақстанның солтүстік аймағында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоғары репродукциялардың тұқымдарын шығару.