Бс, 10/01/2020 - 19:28
Жаңалықтар

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев университеттің отандық аграрлық сектор үшін жоғары білікті мамандар даярлау бойынша жүргізіп жатқан жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті инновациялық технологияларды енгізу және аграрлық ғылымды дамыту мәселесіне тоқталды. Осы орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған отандық ғылым саласын қолдау мен дамытудың жаңа тәсілдерін енгізудің өзектілігі атап өтілді.

– Өскелең ұрпақтың тәрбиесі жеке тұлғаның адамгершілік және азаматтық жауапкершілігін дамытуға бағытталған. Бұл үдерісте толеранттылық, ұлтаралық келісім, патриотизм, заңға бағынушылық және еңбекқорлық негізгі бағыт болуы керек, – деді Елбасы.

Кездесуде Т.Есполов Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі берілгені жөнінде мәлімдеді.

Ақпарат көзі: https://elbasy.kz/kk/news/2020-10/elbasy-kazak-ulttyk-agrarlyk-zertteu-universitetinin-rektory-tilektes-espolovty