Сс, 10/20/2020 - 17:22
Жаңалықтар

2020 жылдың 20 қазан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Digital орталығында ҚР ҰҒА академигі, Қаз ССР ғылымына еңбегі сіңірген қайраткер, ғылым мен техника саласы бойынша Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының професоры Садықұлов Төлеухан Садықұлұлының мерейлі 80 жасына арналған online Ғылыми кеңес отырысы өтті.

Тікелей байланыста ұйымдастырлыған кеңеске ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Білім және ғылым минситрлігі мен  «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» өкілдері, ҚР ҰҒА мүшелері, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институтарының басшылары, ауыл шаруашылығы саласының білікті мамандары, ҚазҰАЗУ профессор-оқытушылар құрамы, ғалымның әріптестері мен шәкірттері, жақын достары мен туыстары қатысты.

Іс-шараны мерейтой иесін құттықтау сөзбен ашқан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Есполов Тілектес Исабайұлы  биыл 90 жылдық мерейлі белеске көтерілгін университетте атқарылып отырған инновациялық бағыттағы жүйелі жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттер туралы айта келе, мерейтой иесі – академик Төлеухан Садықұлының атына арнайы келіп түскен құттықтаулар мен сый-сияпаттарды табыстады.

1

Атап айтқанда: ҚР  Премьер-Министрі Мамин Асқар Ұзақбайұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асанов Жақып Қажманұлы, ҚР Ауылшаруашылығы министрі Омаров Сапархан Кесікбайұлы, ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы, ҚР Парламент Сенатының депутаты Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің жеке құрамы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Сыдықов Ерлан Батташұлы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Бегентаев Мейрам Мұхаметрақымұлы, Оңтүстік-Батыс Мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Әжіметов Нұржан Нұрмағанбетұлы сынды тұлғалардан арнайы құттықтаулар келіп түсті.

Кеңес барысында Төлеухан Садықұлұлының бауыры – белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері, Төлеужан Садықұлов, Семей қаласының әкімшілігі атынан,  елімізге белгілі  кәсіпкер, меценат Марат Құрманбаев,  С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық зерттеу университетінің бірінші проректоры Айтжан Әбдіров, Қазақ Мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұрлан Тілеулесов, «Қой шаруашылығы ғылми-зерттеу институтының» директоры Бақытжан Мұсабаев, Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұржан Әжіметов, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Аграрлық» факультетінің деканы Сәуле Сейілғазина, Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан Агротехникалық университетінің профессоры Балуаш Трайсов, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,  «Мал шаруашылығы өнімдері өндіру технологиясы»  кафедрасынын меңгерушісі, профессор Әбдірахман Омбаев сынды ғалымдар мерейтой иесінің ғылым жолында жеткен жетістіктеріне тоқталып, жылы лебіздерін білдірді.

Мерейлі 80 жасқа толып отырған академик Төлеухан Садықұлұлына табысты еңбек, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!